TOP-2ЖаңалықтарҚоғам

Мәжіліс «Президент туралы» Конституциялық заң жобасын жұмысқа алды

Мәжіліс «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заң жобасын жұмысқа қабылдады, деп хабарлайды Tizgin.kz

КОМИССИЯ ҚҰРАМЫНА КІМДЕР КІРДІ

Заң жобасы бойынша Парламент палаталарының бірлескен комиссиясы құрамына Мәжіліс депутаттары Жанарбек Әшімжанов, Серік Ерубаев, Павел Казанцев және Үнзила Шапақ кірді.

«Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасын да Мәжіліс жұмысқа қабылдады. Заң жобасы аясында Парламент палаталарының бірлескен комиссиясына Нұртай Сабильянов, Мархабат Жайымбетов, Болатбек Нажметдинұлы және Нұрсұлтан Байтілесов сынды Мәжіліс депутаттары кірді.

МӘЖІЛІС ҚАБЫЛДАҒАН ӨЗГЕ ДЕ ЖОБАЛАР

Бұдан бөлек, Мәжіліс «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Конституциялық заң жобасын жұмысқа қабылдады. Заң жобасы бойынша Парламент палаталарының бірлескен комиссиясының құрамына Мәжіліс депутаттары Мұқаш Ескендіров, Данабек Исабек, Руслан Қожасбаев және Еркебұлан Мәмбетов кірді.

Сонымен қатар, Мәжіліс «Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасын жұмысқа қабылдады. Бұл заң жобасы бойынша Парламент палаталарының бірлескен комиссиясы құрамына Мәжіліс депутаттары Қайрат Балабиев, Ермұрат Бапи, Марат Башимов және Сергей Пономарев кірді.

 

Back to top button