$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
ЕрекшеОқиға

Тағылған айыпты мойындамаймын – Перизат Қайрат

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов бүгін Перизат Қайраттың ісі бойынша сот процесін бастайды, деп хабарлайды Tizgin.kz тілшісі.

Санаулы сәттерден кейін Перизат Қайраттың соты басталады. Оған дейін журналистер Перизатпен әңгімелесіп, таспаға түсіріп үлгерген. Сол кезде Перизат Қайрат айыбын мойындамайтынын айтқан. Оның сөзінше, ҚМА 3,5 млрд теңге жымқырылды деп хабарлаған сома қайырымдылық қоры ашылғалы бері айналған сома қаражаты болған. Бұл жөнінде ол журналист Жания Уранқаеваның телеграм-арнасына берген жауабында айтқан.

ПЕРИЗАТ ҚАЙРАТ НЕ ҮШІН ҰСТАЛДЫ

2024 жылы 16 қарашада Астананың тергеу соты Перизат Қайратты екі айға қамауға рұқсат берген. ҚМА Перизат Қайраттың ұсталғанын екі күн бұрын хабарлаған. Агенттіктің болжамынша, ол су тасқынынан зардап шеккендерге арналған ақшаға Астанадағы төрт тұрғын үй кешенінен элиталық баспана, Mercedes-Benz S450, Lexus LX-600 және Haval маркалы көліктер, сонымен бірге қымбат заттар сатып алған. Перизат Қайратпен бірге оның анасы да тергеуге ілінген.

Перизат Қайрат жетекшілік еткен Biz Birgemiz Qazaqstan қоры 2021 жылы маусымда жалпыұлттық еріктілер қозғалысы ретінде құрылған. Оның құрамында 15 мың ерікті болған.

АЯН ӨРІБАЙ

Аян Өрібай – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының бас редакторы, Tizgin ЖШС директоры. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын ШҚО Ақпараттық орталығында маман болып бастап, Өскемендегі облыстық «Менің Өлкем» жекеменшік газетінде тілші қызметін атқарған. Кейін Астанадағы «ҚазАқпарат» ХАА-да тілші, Ulysmedia.kz порталында арнайы тілші болып еңбек еткен. «Үркер» ұлттық сыйлығының иегері.
Back to top button