Жаңалықтар

LRT-ға зақым келтіргендерге 13 млн теңгеге дейін айыппұл салынады

Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында белгілі адвокат Бауыржан Азанов айтып берді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

АВДОКАТ НЕ ДЕЙДІ

Адвокат LRT-ның есігін сындырып, тежегіш тетігін басып, қозғалысты бұғаттап, кедергі келтіруді әзіл ретінде санамау керектігін баса айтты.

ҚР Қылмыстық кодесінің 350-бабына (көлікті қасақана зақымдау немесе көлік коммуникациясын бұғаттау) сәйкес 3000 АЕК түрінде айыппұл немесе 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Адам өліміне әкелсе, онда 10 жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – деді Бауыржан Азанов.

МӘН-ЖАЙЫ

LRT іске қосылғаннан кейін екінші күні жүйелерінде ақау шыққаны жайлы ақпарат пен видео желіде желдей есіп кеткен еді. Жауапты CTS комнаниясының басшылығы оған LRT жүйесінің шамасынан тыс көп жолаушының пойыздарға отырғанымен түсіндіреді. 18 мамырда 100 мың адам ЛРТ пойыздарына отырған. Ал кеше екі есе аз адам кіріп, жүйе жұмысы реттеліп қалған.

Back to top button