Жаңалықтар

Ломбардтағы микронесиелер: кредиттік тарихты есепке алу тәртібін өзгереді

Қаулы жобасы қазіргі уақытта қоғамдық талқылау кезеңінде.

Қазақстанда жылжымалы мүлікті кепілге қою арқылы ломбардтан алынған микрокредиттердің кредиттік тарихада көрсетілу тәртібін өзгерту ұсынылды. Тиісті қаулы жобасын Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әзірледі, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Құжатқа сәйкес, кредиттік есептен мұндай қарыздар бойынша мерзімі өткен күндер саны, кешіктірілген төлемдердің сомасы, тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар мен өсімпұлдар), сондай-ақ соңғы төлемнің күні туралы мәліметтерді алып тастау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін кредиттік тарихада мұндай микрокредиттің тек «Қолданыстағы» мәртебесі ғана көрсетіледі.

Агенттік мұны ломбардқа жүгінетін азаматтардың көбі кепілге қойған мүлкін кейін қайтарып алуды бастапқыда жоспарламайтынымен түсіндіреді. Сондықтан мұндай микрокредит бойынша төлемнің кешіктірілуі немесе мүлде өтелмеуі әрдайым қарыз алушының төлем тәртібінің төмендігін немесе төлем қабілетсіздігін білдірмейді.

Қаулы жобасы қазіргі уақытта қоғамдық талқылау кезеңінде. Жаңа ережелер әзірге күшіне енген жоқ.

Back to top button