Жаңалықтар

Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басшысы болып тағайындалды

Ләззат Танысбайдың телевизия саласындағы еңбек өтілі 30 жылдан асады.

Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрайымы болып тағайындалды. Бұған дейін агенттікті басқарған Кемелбек Ойшыбаев қызметінен босатылды. Бұл туралы Tizgin.kz порталы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Телевизия саласында 30 жылдан астам тәжірибесі бар

Ләззат Танысбайдың телевизия саласындағы еңбек өтілі 30 жылдан асады. Ол әр жылдары «Астана» телеарнасын, «НҰР-Медиа» медиахолдингін, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясын және «Еуразия» телеарнасын басқарған.

Сондай-ақ, Байланыс және ақпарат министрлігінде қызмет атқарып, отандық ақпарат саласындағы бірқатар маңызды жобаны жүзеге асыруға қатысқан.

Агенттікті жаңғыртуға басымдық беріледі

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, Ләззат Танысбайдың кәсіби және басқарушылық тәжірибесі «Хабар» агенттігін одан әрі дамытуға бағытталмақ.

Жаңа басшының алдында агенттік жұмысының негізгі бағыттарын жаңғырту және 24KZ телеарнасының елдегі жетекші қоғамдық-саяси арна ретіндегі рөлін күшейту міндеті тұр.

Back to top button