“Көңілдестерінің атын атаймын”: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі кітап жазып шығарғалы отыр

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтің экс-жұбайы Назым Қахарман өзінің өмірбаянына негізделген кітап шығаруға дайындалып жатыр. Сөзінше, кітапта Бишімбаевтың көңілдес әйелдерінің есімдері де ашылады. Бұл туралы Қахарман Instagram парақшасындағы оқырмандарына мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Қахарманның айтуынша, кітаптың тұсаукесері күзде өтеді. Қазір шығарма баспада редакциялық оқылымнан өтіп жатыр.
«Әрине, бұл – автофикшн жанрындағы кітап. Шығарма шынайы оқиғаларға негізделген. Бұл – автобиография. Бірақ онда белгілі бір көркемдік қиял элементтері де бар», – деді ол.
Кітапта Қахарман бұрынғы күйеуінің көңілдес әйелдерінің есімдерін жариялауға уәде берген, алайда олардың тегін атамайтынын айтты. Назымның сөзінше, ол әлгі әйелдерге «хат жазып, жұлыспаған», себебі бұл мәселеге қатысты тек бұрынғы күйеуімен ғана есеп айырысқан.
Болашақ кітап жайлы видео түсіріп отырып, Қахарман параллель түрде адвокаттарымен ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік беделді қорғауға қатысты ықтимал сот талаптарын да талқылағанын жеткізді.