TOP-2

Көлікте мас күйде ұсталған азаматтарға жеңілдік жасайтын уақыт келді – Абзал Құспан

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан елдегі енгізілгелі жатқан рақымшылыққа байланысты көлікте мас күйде ұсталған азаматтарға жеңілдік жасау керек деп есептейді, деп хабарлайды Tizgin.kz. 

«Рақымшылық жайлы тек болжамдарымызды айтамыз. Өйткені қазір оның концепциясы жоқ. Мәжіліс депутаттары неге алаңдаймыз? Біз шағымы көп азаматтардың күн сайын қабылдаймыз. Шағымы ең көп азаматтардың нөпірі – жүргізуші куәлігінен айырылғандар, олардывң туысқандары, ағайындары. Біз нені жоғалттық? Бізге тек азаматтар емес, автопарктер қауымдастығы да шығып жатыр. Олар бізде қазір автобус жүргізетін азаматтар жоқ дейді. Ал ол жерде автобус жүргізу үшін Д санаты керек. Д санатынан бөлек, қызмет өтілі керек. Сондықтан бұл бір жағынан экономикалық мәселе болып тұр», – дейді Абзал Құспан. 

Депутаттың сөзінше, мас күйде ұсталған азаматтар жеті жылға жүргізуші куәлігінен айыру – өте ұзақ мерзім. Одан бөлек, бұл заң ІІМ айтқандай нақты нәтижеге әкелмеген. Яғни, осы Абзал Құспан заң күшіне енгелі жол-көлік оқиғалары азайып кеткен жоқ деп есептейді.

 «Мастықтың ең төменгі шегі деген бар. Ол 0,2 промиллені алып тастады. Бұрын осы шектен асса ғана жауапқа тартатын. 0,2 промиллені қазір ашыған компот немесе қымыздан да таба аласыз. Қазір жауапқа тартылып жатқан азаматтардың бәрі араққа сылқия тойып, көшеде көлік жүргізіп жүр дегенді білдірмейді. Бізде қате түсінік қалыптасқан», – дейді депутат. 

Абзал Құспан осы жазаға іліккен мыңдаған азаматтарға жеңілдік жасайтын уақыт болды деп есептейді.

Back to top button