Жаңалықтар
Көкшетауда жүріп келе жатқан көліктен секірген қызға айыппұл салынды
Көкшетауда жігітімен жанжалдасып қалған қыз жүріп келе жатқан көліктен секіріп кетіп, дене жарақатын алды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Оқиға сенбі күні Әуезов көшесінде болған. Аталған факті қалалық полиция басқармасында тіркелді.
Көлікте жанжал болған
Полицияның алдын ала мәліметінше, Volkswagen автокөлігі қозғалыста болған кезде жүргізуші мен қыздың арасында сөзге келіспеушілік туындаған.
«Жанжал барысында қыз көлік жүріп келе жатқанда одан түскен. Соның салдарынан дене жарақатын алған», – деп жазылған полиция хабарламасында.
Қыз әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін қыз әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.