TOP-2ЖаңалықтарПікір

Киік етіне сұраныс аз, баға өзгермеді — Вице-министр

Ұсынылған өнім бағасы өзгеріссіз қалды.

Қазақстанда киік еті қайта өңдеу кәсіпорындарымен келісімшарттар болғанына қарамастан, жоғары сұранысқа ие емес екенін ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Үкіметтегі брифингте айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Бұл ең алдымен Қазақстанның сирек кездесетін жануарлар популяциясын қалпына келтіру бойынша өзіне алған шектеулермен байланысты. Өнім өткізу арналарын кеңейту үшін Экология министрлігі, Сауда министрлігі және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыс жүргізілуде», – деді Сұлтанов.

Сонымен қатар, ұсынылған баға өзгеріссіз қалды, ал қайта өңдеуге пайдалануға Ауыл шаруашылығы министрлігі ұсынған ет комбинаттарының саны да бұрынғы деңгейде сақталып отыр.

Өткен жылдың маусым айында Қазақстанда киік популяциясын реттеу туралы шешім қабылданғаны белгілі болды. Олардың саны 3,9 миллион басқа жеткен. Ату туралы шешім «ғылыми қорытындыларға, фермерлердің ұсыныстарына және әлемдік тәжірибеге» сүйене отырып қабылданған.

Еске сала кетсек, бұған дейін киік еті алдағы уақытта елдегі ірі сауда желілерінің және супермаркеттердің сөрелерінен көрінуі мүмкін екенін жаздық. Аталған жануар етін сату Қазақстанда 2025 жылдың тамыз айында басталған. Бүгінде оның бағасы келісіне 1200–1600 теңге шамасында.

Back to top button