TOP-2Жаңалықтар

Кеңес Рақышев АХҚО-да жаңа компаниясын тіркеді

Рақышев жаңа компанияның жалғыз акционері атанды

Кәсіпкер Кеңес Рақышев АХҚО юрисдикциясында тіркелген жаңа Fincraft Minerals Ltd. компаниясының жалғыз акционері атанды. Компания 2026 жылы 1 қыркүйекте тіркелген, деп хабарлайды Tizgin.kz.

АХҚО реестрінде не көрсетілген

АХҚО-ның ашық реестріндегі мәліметке сәйкес, Fincraft Minerals Ltd. жеке компания ретінде тіркелген. Қазіргі мәртебесі – белсенді, яғни жұмысын бастаған. Компанияның заңды мекенжайы Астана қаласының Есіл ауданында деп көрсетілген.

Fincraft Minerals атауында минералдық ресурстарға қатысты сөз болғанымен, реестрде оның негізгі қызметі тау-кен өндірісі ретінде көрсетілмеген. Компанияның ресми қызмет түрі – холдингтік компаниялардың қызметі.

Жалғыз акционері – Кеңес Рақышев

Компанияның капиталы әрқайсысының құны 1 мың теңге болатын 1 мың жай акцияға бөлінген. Акциялардың жиынтық құны 1 млн теңгені құрайды. АХҚО реестрінде Fincraft Minerals компаниясының жалғыз белсенді акционері ретінде Кеңес Рақышев көрсетілген. Компанияның акциялары кепілге қойылмаған.

Әзірге ашық реестрде жаңа құрылымның нақты қандай активтерді басқаратыны немесе қандай жобалармен айналысатыны туралы қосымша ақпарат жарияланбаған.

Back to top button