Жаңалықтар
“Келе ғой, айналайын”: Салт атты полицей адасқан баланы айдаладан тапты

8 сәуір күні Абай облысына қарасты Ақсуат ауданында 3 жастағы бала үй ауласынан шығып кетіп, жоғалып кеткен болатын, деп хабарлайды Tizgin.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Баланың туыстары таңсәріде іздеуді бастап, сағат 11:00 шамасында полицияға хабарласқан. Сосын көпшілік болып іздеуге көшті.
Бірнеше сағаттан кейін салт атпен жүрген полиция қызметкері айдалада кішкентай баланы байқаған. Ол елдімекеннен алыс жерге кетіп қалыпты. Бүлдіршін жағдайына алаңдаған полицей оны “Келе ғой, айналайын…” деп өзіне қарай шақырған, – делінген ақпаратта.
Осылайша сағат 14:00 шамасында бала елдімекеннен шамамен 3 шақырым жерден аман-есен табылды. Қазір оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.