TOP-2Жаңалықтар

«Кейде күйреу де керек»: вайнер Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

Вайнер Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

“Ішкі еркіндікке мен сыртқы өмірде одан айырылған сәтте қол жеткіздім. Демек, бәрі осылай болуы керек болған. Өмірдің берер сабақтарынан қашып, бақытты өмір сүру мүмкін емес. Жан ұмтылатын тәжірибеден өзіңді айыру да мүмкін емес. Маған тыныштық қажет болды – уақыттан тыс қалып, барлық рөлдерден арылып, өз-өзіммен оңаша қалып, «Мен кіммін?» деген сұраққа жауап табу үшін… Кейде өзіңді қайта жаңадан құрау үшін алдымен күйреу керек. Осы тәжірибе үшін Жаратқанға шүкір айтамын. Оның құны өлшеусіз. Бұл – жан дүниемнің жарқын сапары болды”, – дейді ол.

Айта кетейік, 2023 жылы маусымда Алматы қаласының Алмалы аудандық соты Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық іс бойынша бірнеше адамды соттаған еді. Сотта 12 адам жауапқа тартылып, олардың қатарында Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов та болды. Екі вайнер де Қылмыстық кодекстің 217-бабы («Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару») бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсы 5 жылға бас бостандығынан айырылғае. Басқа фигуранттар 262-бап («Ұйымдасқан топты, қылмыстық ұйымды құру және басқару, сондай-ақ оларда қатысу») бойынша сотталып, түрлі мерзімге қамалған.

Бұған дейін Мейірхан Шерниязов бостандыққа шыққан еді.

Back to top button