Жаңалықтар
Журналист Ботагөз Омарова полицияға шақырылды

Бүгін сағат 17:45-тен бастап журналист Сейфуллин 37 мекенжайындағы полиция басқармасында отыр, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Полиция одан қорғануға құқығы бар куәгер ретінде жауап алынатынын хабарлаған. Журналистің мүддесін адвокат Әсел Токаева қорғайды.
Полиция департаменті Омарованың үстінен «көрінеу жалған ақпарат тарату» белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі тіркелгенін хабарлады. Тергеу аясында ол түсініктеме беру үшін полицияға шақырылған.
Журналистің үйінде тінту жүргізілетіні жайлы ақпарат бар.
Ботагөз Омарова — журналист, «Айтпа, Ботагөз» Telegram арнасының авторы.