TOP-2ЖаңалықтарПікір

«Жүрегімнің қалауы»: Аша Матай депутаттыққа үміткер болып тіркелді (ВИДЕО)

Бүгін Қазақстан халық партиясының съезі өтті.

Депутаттыққа үміткер болып тіркелген әнші, халыққа Аша Матай атымен танымал Ақбота Асқарбекова Tizgin.kz тілшісінің «Депутат болғанда қандай мәселелерді шешесіз?» деген сұрағына жауап берді.

Ол саясатқа жүрек қалауымен келгенін айтты.

«Шешетін мәселе көп. Сайлаудан аман-есен өтіп алғаннан кейін ашық айтуға болады деп ойлаймын. Бұл – өзімнің жүрегімнің қалауы», – деді Аша Матай.

Ол тілшілердің «Қандай заң жобасын оқыдыңыз?» деген сұрағына жауап беруден бас тартты.

«Мені шақырып жатыр еді. Қайтып оралармын», – деді ол.

Back to top button