$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

Жұлдыз «жауатын» түн: Қазақстанда Персеидтер қашан шарықтау шегіне жетеді

Жерден бақылаған кезде метеорлар дәл осы нүктеден ұшып шыққандай көрінеді.

13 тамызға қараған түні Қазақстан тұрғындары Персеидтер метеор ағынының шарықтау шегін бақылай алады. Оның белсенділігі сағатына 100 метеорға дейін жетуі мүмкін. Бұл туралы Василий Фесенков атындағы Астрофизика институтының қызметкері Светлана Мошкина мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Персеидтер дегеніміз не?

Персеидтерді жыл сайын 17 шілде мен 24 тамыз аралығында бақылауға болады. Метеор ағынының радианты Персей шоқжұлдызында орналасқан. Жерден бақылаған кезде метеорлар дәл осы нүктеден ұшып шыққандай көрінеді.

Биыл бақылауға жағдай өте қолайлы

Биыл Персеидтердің шарықтау шегі жаңа ай кезеңімен тұспа-тұс келеді, сондықтан Айдың жарығы аспанды бақылауға кедергі келтірмейді. Маманның айтуынша, бұл жағдай соңғы бірнеше жылдағы ең қолайлы бақылау мүмкіндігін қалыптастырады.

Персеидтерді қай уақытта бақылаған дұрыс?

Метеорлардың ең көп саны түннің екінші жартысында байқалады. Сарапшының айтуынша, бақылауға ең қолайлы уақыт – түнгі сағат 1:00-ден таңғы 4:00-ге дейінгі аралық.

Телескоп қажет емес

Персеидтерді бақылау үшін телескоп қажет емес. Астроном ірі қалалардың тұрғындарына қаланың жарығынан алысырақ шығуға кеңес берді.

Ол үшін ашық жерді таңдап, аспанды қарапайым көзбен бақылау жеткілікті.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button