ЖСДП Құрылтай сайлауында кемі 10% дауыс жинауды көздеп отыр
Астанада ЖСДП партиясының сьезі өтіп жатыр. Партия төрағасы Асхат Рахымжанов партия 2026 жылы 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауында кемінде 10% дауыс алуды мақсат етіп отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Астанада өткен партияның кезектен тыс XXV съезі аясында айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Асхат Рахымжановтың айтуынша, партия сайлауда кемінде 10% дауыс жинауды жоспарлап отыр. Оның пікірінше, мұндай нәтиже ЖСДП үшін өте жақсы көрсеткіш болады.
Ол Жигули Дайрабаевтың сынына жауап берді.
ЖСДП төрағасы «әлеуметтік-демократ емес» деген Жигули Дайрабаевтың пікірін популизм деп бағалады. Ол партия құрылған күннен бастап әлеуметтік-демократиялық идеологияны ұстанып келе жатқанын атап өтті.
«Ауыл» партиясын сынға алды
Рахымжанов өз кезегінде «Ауыл» партиясын да сынға алып, оның әлеуметтік-демократиялық бағыттан алыстағанын айтты. Оның сөзінше, партия тізімінде кәсіпкерлердің көп болуы бұл ұстанымға қайшы келеді.
Бірмандатты кандидаттар шақырылмайды
ЖСДП сайлауалды партиялық тізіміне бірмандатты округтерден сайланған кандидаттарды қосуды жоспарлап отырған жоқ. Партия өз қатарында белсенді еңбек етіп, өзін дәлелдеген мүшелерге басымдық бермек.
Айта кетейік, бүгін Астанада ЖСДП-ның кезектен тыс XXV съезі өтіп жатыр. Жиында партия сайлауалды бағдарламасын, кандидаттар тізімін бекітіп, 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық мәселелерін қарастыруда.