Жаңалықтар

Jibek Joly эфирінде партиялардың кезекті теледебаты басталды (Видео)

Jibek Joly телеарнасында өтетін алғашқы командалық телевизиялық дебаты басталды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Дебат қатысушылары «Қазмедиа орталығына» жиналды. Оларды партияластары қолдап, сәттілік тілеп, дебатқа шығарды. Бұл теледебат Құрылтайдың алғашқы сайлауына қатысушы саяси партиялар арасындағы пікірталас алаңдарының бірі болмақ. Тақырып: «Заң мен тәртіп — Әділетті Қазақстанның негізі». Бүгінгі теледебаттың басты ерекшелігі — пікірталас командалық форматта өтеді, яғни әр саяси партиядан пікірталас алаңына бір емес, екі спикерден шығады.

11 тамызда Jibek Joly телеарнасының тікелей эфирінде жеребе тарту рәсімі ұйымдастырылып, саяси партиялар өкілдерінің бүгінгі теледебатта сөз сөйлеу реті белгілі болған еді.

1. «Ақ жол» партиясы – Бек-Мұхамед Жәукебаев, Ермек Әбілдин;

2. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – Лариса Ли, Нұрайнаш Камалова;

3. «Әділет» партиясы – Айжан Аймағанова, Мәди Мырзағараев;

4. Қазақстанның Халық партиясы – Жандос Бидайбеков, Ирина Смирнова;

5. «Ауыл» партиясы – Жазира Сұлтанқұлова, Ерболат Саурықов;

6. «Байтақ» партиясы – Амалбек Өміртай, Алмат Тұртаев;

7. Respublica партиясы – Олжас Құспеков, Динара Шүкіжанова.

Дебатқа қатысатындар өздерінің партиясы неліктен қолдауға лайық екеніне сайлаушыларды сендіруі тиіс.

Back to top button