$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

Жезқазған әкімі қызметінен кетті

Қайрат Шайжанов Жезқазған қаласының әкімі қызметіндегі мемлекеттік жұмысын аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Біршама бастаманы іске асырдық»

Ол өз еркімен жұмысынан кетті. Әкім өз үндеуінде төрт жыл көлемінде қала жұртымен бірге Жезқазғанды дамытып, түрлі мәселені шешу жолында еңбек еткенін атап өтті.

«Осы уақыт ішінде біз бірлесе көптеген мәселе көтеріп, біршама бастаманы іске асырдық. Сіздер қолдау білдіргенде мен де күшейдім, сынаған жерде де ширыға түстім», – деп Шайжанов өз мәлімдемесінде.

Одан бөлек, ол тұрғындарға сенім артқаны үшін алғыс білдіріп, Жезқазған ол үшін жай жұмыс орны емес, ғұмыры мен еңбек жолы байланысқан туған қаласы болып қала беретінін жеткізді.

Өмірбаяны

Қайрат Шайжанов 1977 жылы 22 шілдеде өмірге келген келген. «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» және «Құқықтану» бағыттары бойынша екі жоғары білімі бар. Еңбек жолын жеке секторда, құрылыс компанияларында басшылық лауазымдарда бастаған.

2013 жылдан бастап Астанадағы «ТҮКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығында» департамент басшысы және ғылыми-техникалық орталықтың бас директоры болды. 2015 жылы аз уақыт «Әлем-строй» ЖШС-н, ал 2015–2017 жылдары Қарағанды облысы Осакаров ауданын басқарды. 2022 жылдың маусымынан Жезқазған қаласының әкімі лауазымын атқарып келді.

Back to top button