Жетісу облысында жерде жатқан әйелді бір тепкен басқа әйелдің үстінен іс қозғалды (Видео)
Оқиға Жетісу облысында Ақсу ауданына қарасты Көлтабан ауылында болды. Қауын, қарбыз сатып тұрғандарға базар салынса да, кейбірі саудасын жол бойында тұрып жасаған, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Сауда кезіндегі жанжал
Жанжал туралы бейнежазба әлеуметтік желіде таралған. Pravda_ot_saule парақшасында жарияланды. Соған сенсек, Молалы аталатын шеңберлі жолдан Балқаш көліне кететін жолда жергілікті кәсіпкерлерге арнайы базар салынып берген дейді. Көбі қауын мен қарбыз саудалайды. Бірақ кейбірі ол базарда тұрмай, жол бойында шеңберлі аумақ кіре берісінде тұрып сататын көрінеді.
Соның арқасында біріншіден жол көлік қозғалысына адамдарға қауіп төнуі мүмкін дейді. Екіншіден, арнайы базарда тұрған кәсіпкерлер саудасы мүлде жүрмей, тоқтап қалады деп бірнеше рет жергілікті полицияны шақырған екен. Өкінішке қарай, бәрі өзгеріссіз қалған, – делінген жазбада.
Олар дәл солай полиция шақырып, шара қолдануды сұрағанда полиция қызметкерінің көзінше әлдебіреу ес-түссіз жатқан шағымданушы әйелдің бетінен теуіп жатқанын жазды.
Қазір таяқ жеген әйел адам орталық ауруханаға жеткізіліп тиісті медициналық іс шаралар жасалып жатыр екен, – делінген ақпаратта.
Полиция не дейді
Аталған жайтты Жетісу облыстық Полиция департаменті растады. Ұрып-соғу фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғаған.
Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті мен жәбірленуші бұған дейін бір-бірін таныған. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, жанжалға қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға беруге бағытталған тергеу амалдары жүргізіліа жатыр, – деді Департаменттің баспасөз қызметіндегілер.
Тергеу нәтижелеріне сәйкес Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес процессуалдық шешім қабылданатын болады.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – делінген ақпаратта.
Посмотреть эту публикацию в Instagram