TOP-2Жаңалықтар

“Жемқорлардың атын атаймын дедім, уәдемде тұрдым”: Базарбек Құрылтай сайлауына түспек

Мәжіліс тарар алдында депутат Бақытжан Базарбек үш жарым жыл бойы атқарған еңбегін тізбелеп, елге есеп берер видео жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Ол қазіргі Мәжіліс активтерді қайтару туралы заңды, су, салық кодекстерін қабылдағанын, экологиялық бақылауды инспекторларға қайтарып, “Жер аманаты” шеңберінде миллиондаған га жерді қайтарғанын айтты. Сондай-ақ, ол жемқорлардың атын мінберде атағанын, жұмысы үшін еш өкінбейтінін жеткізді.

Сөз соңында Құрылтай сайлауына түсетінін мәлім етті.

“Әрине, әлі де жоспар бар. Жаз бойы сайлау науқаны. Сайлауға түсеміз. Елім, халқым қаласа, әрине, сайлауға, үлкен додаға түсеміз. Бұл ғимаратта беріліп жұмыс істегенімнің арқасында жүрегімнің бір бөлігін осында қалдырып кетіп отырмын. Біреуге албасты, сұмырай, оңбаған болайын, бірақ халық пен ел үшін қызмет етуге тырыстым”, – дейді ол.

Back to top button