$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
TOP-2Қоғам

«Жеке сот орындаушылар қызметі жойылсын» деген петиция шықты. Құспан оған неге келіспейді

Мәжіліс депутаты “жеке сот орындаушылары институтын жауып тастау керек” деп жазылған петиция жөнінде пікір білдірді, деп жазады Tizgin.kz.

Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген депутат бұл институтты толыққанды жүйеден алып тастау керек деген пікірмен келісе қоймайтынын жеткізді. Сөзінше, кез келген институттың кемшілігі болмай тұрмайды. Сол сияқты Абзал Құспан жеке сот орындаушыларының да қызметінде үлкен кемшіліктер бар деп есептейді.

“Бірақ ол кемшіліктерді айту – жеке сот орындаушыларын институт ретінде жойып жіберу керек дегенді білдірмейді. Дегенмен, кейбір қызмет түрлерін жеке сот орындаушыларынан мемлекеттік сот орындаушыларына қайтару қажет шығар. Қазір мемлекеттік сот орындаушыларының өндірісіндегі істер өте аз. Көптеген жеке сот орындаушылар мемлекеттің бір қызметін атқарып отырмыз демейді, бизнеске айналдырып алған”, – дейді ол.

Абзал Құспан былтыр мәжілістегі құқықтық салаға жауапты комитет жеке сот орындаушыларының мәселесі бойынша көптеген ұсыныстарды талқылағанын айтады. Заңнама комитеті қолданыстағы заңды Құрылтай тұсында қайта қарауы мүмкін екенін де депутат жоққа шығармады.

ПЕТИЦИЯ

Жеке сот орындаушылары институтын жою керек деген петиция жақында пайда болған. Оны жазғандар қазіргі жеке сот орындаушылар институты Қазақстанның құқықтық жүйесіне қауіп төндіріп тұр деп есептейді.

АЯН ӨРІБАЙ

Аян Өрібай – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының бас редакторы, Tizgin ЖШС директоры. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын ШҚО Ақпараттық орталығында маман болып бастап, Өскемендегі облыстық «Менің Өлкем» жекеменшік газетінде тілші қызметін атқарған. Кейін Астанадағы «ҚазАқпарат» ХАА-да тілші, Ulysmedia.kz порталында арнайы тілші болып еңбек еткен. «Үркер» ұлттық сыйлығының иегері.
Back to top button