Жаңалықтар
Жаз әлі біткен жоқ: Қазақстанда 30 градусқа дейін ыстық болады

8-10 қыркүйек аралығында ел аумағының басым бөлігінде жаздағыдай жылы ауа райы сақталады. Бұл туралы «Қазгидромет» синоптиктері хабарлады, деп жазады Tizgin.kz.
“Қазгидромет” РМК мәліметінше, еліміздің батысына циклон әсер етіп, жаңбыр жауады, кей уақытта нөсер жаңбыр күтіледі. Сондай-ақ ауа температурасы төмендейді. Ал республиканың қалған бөлігінде жылы ауа райы сақталады.
Солтүстікте, орталықта, оңтүстікте және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында атмосфералық фронттардың әсерінен өткінші жаңбыр жауады. Тек шығыс өңірде антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз, ашық ауа райы болжанып отыр.
Алдағы күндері еліміздің бірқатар өңірінде ауа температурасы төмендейді:
- батыста түнде ауа температурасы +12…+21 градустан +7…+16 градусқа дейін, күндіз +15…+25 градустан +13…+23 градусқа дейін төмендейді;
- солтүстік-батыста түнде +13…+20 градустан +5…+15 градусқа дейін, күндіз +20…+30 градустан +15…+25 градусқа дейін төмендейді.