Спорт

«Жаттығуға кіргізбей қойды» – Михайл Шайдоров Ресейде кедергіге тап болғанын айтты

Биыл Италияда өткен Қысқы Олимпиада чемпионы бұл туралы журналист Руслан Түсіпбековке берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz

“ЕСІКТЕН КҮШТЕП ШЫҒАРА ЖАЗДАДЫ”

Шайдоров жаттығу мектебіндегілердің бұлай етулеріне не себеп болғанын өз түсінбеген.

Мен Сочидегі барлық жаттығу құрылыстарына кіргізбей қойды. Әлі Ресейде әзірлік жүргіземін. Маған Алексей Урмановтың тобында дайындық жүргізе алмайсың деді. Мектеп басшылығы сондай пәрмен берген сияқты. Жаттығуға кіргенім сол еді, есіктен күштеп шығарып жібере жаздады, – деді Олимпиада чемпионы.

ҚАЗАҚСТАН ТУЫН КӨТЕРГЕНІ ӘСЕР ЕТТІ МЕ

Спортшы одан кейін жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты алдында көпшілік сырғанайтын жерге барып дайындық жүргізуге тура келгенін айтты.

Ол жерде музыка қосуға болмайды. Тек сырғанап жүруге рұқсат беріледі. Мені жаттығатын топ қатарынан шығарып салуға Алексей Урмановтың қатысы жоқ. Қазақстан туын көтеріп жүргенім әсер етті ме екен. Дайындық жүргізуге неге кедергі болып жатқанын бапкерімнен сұраудың ыңғайы болмады, – деді мәнерлеп сырғанаушы.

Back to top button