Тергеу

Жақсылық Омардың соты басталады: оған қандай айып тағылып отыр

Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары әрі Өскемен қаласының бұрынғы әкімі Жақсылық Омардың соты басталады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Сот кабинетіндегі құжатқа сәйкес, ол қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 1, 2-тармақтары (ірі мөлшердегі алаяқтық), сондай-ақ 366-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (ірі мөлшерде пара алу) бойынша айыпталып отыр.

Қазір Жақсылық Омар қамауда. Сот бүгін сағат 15.00 уақытына белгіленген. Іс ашық сот отырысында қысқартылған тәртіппен қаралады. Сот ісі орыс тілінде жүргізіледі.

Өткен айда телеграм-арналарда ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны жөнінде ақпарат тараған еді. Облыс әкімдігі осыдан кейін мынадай ақпарат таратты:

«Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде аталған лауазымды тұлғаға қатысты қандай да бір мәлімет жоқ. Интернет желісінде тараған ақпарат ресми дереккөздермен расталмаған. Қолда бар мәліметке сәйкес, лауазымды тұлға денсаулығына байланысты уақытша еңбек демалысын алған», – деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жақсылық Омардың ұсталғанын кейін ҰҚК растаған.

Back to top button