Жаңалықтар

«Жаным» деп жүргендер жаныңды алған: Мөлдір Мұқанова тұрмыстық зорлық құрбандарына ән арнады

Продюсер, әнші Мөлдір Мұқанова тұрмыстық зорлық құрбандарына арнап «Солған гүл» атты ән шығарды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Бұл жазбам – хайп емес»

«Менің бұл жазбам – біреудің өмірінен хайп табу немесе біреудің өліміне айып тағу емес. Мен жылағанда ел жұбатты, ел жылағанда мен жұбатпаймын ба? Мақсат – керіс те, жеңіс те емес. Жанымның ауырып, жүрегімнің сыздап отырғаны – ана баласыз қалды, сәби анасыз қалды, бір жүректің соғуы тиылды, бір гүлдің тамыры қиылды… Ана жүректегі жарақатты ешкім өшіре алмайды, солған гүлді ешкім қайта өсіре алмайды, қоғам қатігездікті кешіре алмайды…», деп жазды ол әлеуметтік парақшасына.

«Солған гүл» әні

Әні мен сөзін жазған ақын, компазитор, журналист Ерболат Қарақойшы.

«Ерте солған нәзік гүлім,

Тағдыр саған жазыпты мұң.

Адамнан ба, заманнан ба,

Жазықты кім?

Қиянат көрдің бе қабырғаңнан?

Мезгілсіз сөндің бе жаңылғаннан?

«Жаным» деп жүргендер жаныңды алған…», – деп жазылған ән оқырмандардың көңілінен шығып, түрлі пікір жазылды.

Back to top button