$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
ЖаңалықтарТергеу

«Жанұя» отбасыны қолдау орталығының заңгері әйеліне күш көрсеткені үшін сотталды

Қылмыстық істі Қаратал аудандық соты қараған.

Жетісу облысында отбасылық зорлық-зомбылық құрбандарына көмектесетін «Жанұя» отбасыны қолдау орталығының қызметкері өз әйеліне күш көрсеткені үшін сотталды. Бұл туралы өңір прокуратурасы хабарлады, деп жазады Tizgin.kz.

Ол зорлық-зомбылық құрбандарына көмектескен

Қылмыстық істі Қаратал аудандық соты қараған. Құқықбұзушылық жасаған кезде ер адам отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдарға көмек көрсететін «Жанұя» отбасыны қолдау орталығында заңгер болып жұмыс істеген.

Әйеліне өзі күш көрсеткен

Зорлық-зомбылық құрбандарының құқықтарын қорғаумен байланысты қызмет атқарғанына қарамастан, ер адам өз жұбайына қатысты заңсыз әрекет жасаған.

200 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды

Сот отырысы барысында Қаратал ауданы прокуратурасының мемлекеттік айыптаушысы оның кінәсін дәлелдеді. Сот ер адамға 200 сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындады.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button