Жәнібек Әлімханұлы WBO рейтиңінде көш бастады
Ал мексикалық Сауль «Канело» Альварес WBC титулы үшін жекпе-жек өткізу жоспарына байланысты рейтиңтен шығарылды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Жаңарған рейтиң
Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) барлық салмақ дәрежесі бойынша боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады.
Sports.kz мәліметінше, орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы бір саты жоғарылап, рейтиңтің бірінші сатысына көтерілді. Өткен айда WBO қазақ боксшысын әлем чемпионы Хамза Шираздың міндетті қарсыласы ретінде бекіткен болатын.
Мексикалық Сауль «Канело» Альварес басқа ұйымның – WBC титулы үшін жекпе-жек өткізу жоспарына байланысты рейтиңтен шығарылды.
Екінші орында кім
Орта салмақта екінші орында америкалық Диего Пачеко тұр. Үшінші сатыға даниялық Якоб Банк жайғасты.
Ал Германияда тұратын қазақстандық Роман Фресс бірінші ауыр салмақтағы WBO рейтингінде көш бастады.