ЖаңалықтарҚоғам

«Жаңасын алғанша»…Перизат Қайраттан тәркіленген көліктер шенеуніктерге бұйырды

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Нұрмахан Әділбеков Перизат Қайраттың қымбат көліктері не себепті мемлекеттік органдарға өткенін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ТӨРАҒА НЕ ДЕДІ

Сөзінше, мемлекеттік қызметшілердің мұндай люкс санатты көліктерді тізгіндеуі бюджет қаржысын үнемдеуге септігін тигізбек.

“Жаңа көлік сатып алғанша, оларды тәркіленген мүлік есебінен толтырған тиімдірек. Нормативтік-құқықтық актілерде құқық қорғау және мемлекеттік органдарға мұндай құқық берілген. Сондықтан мұндай мүмкіндікті неге пайдаланбасқа?”, – деді Әділбеков.

LEXUS ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ БЕРІЛДІ

Мұның алдында Перизат Қайраттан тәркіленген қымбат көліктер саудаға шығарылған болатын. Алайда мүлікті сатып алуға ниет білдіргендер төбе көрсетпеді.

Қазір су жаңа Mercedes көлігі елордалық полиция департаментіне, ал Lexus жол талғамайтын көлігі Қаржы министрлігіне берілгені анықталды. Перизат Қайраттан тағы бірнеше люкс көлік тәркіленген еді, алайда олардың кімге бұйырғаны әзірге белгісіз.

Back to top button