Тергеу
Жанабыловтар 274 млн теңгені заңсыз тапты деп айыпталып отыр
Ерлі-зайыпты блогерлер туралы ақпаратты басты сот талқылауы басталмас бұрын істегі мемлекеттік айыптаушы Олжас Хайруллаев айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz kz.kursiv.kz-ке сілтеме жасап.
МЕМЛЕКЕТТІК АЙЫПТАУШЫ НЕ ДЕЙДІ
«Қылмыстық іс бойынша сот сараптамасы жүргізілген. Соған сәйкес, (сотталушылардың – ред.) 274 млн теңге қылмыстық жолмен тапқаны анықталды. Одан бөлек 560 млн теңгені депозитке салып, одан 560 мың теңге табыс пайда тапқан», – деді мемлекеттік айыптаушы Олжас Хайруллаев.
МӘН-ЖАЙЫ
Айта кетейік, блогер Ерболат және Эльмира Жанабыловтар қылмыстық кодекстің 214-бабы (заңсыз кәсіпкерлік) және 218-бабында (қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру) көрсетілген қылмыстық жасады деп айыпталып отыр.