$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
TOP-2ЖаңалықтарТергеу

Артында жесір әйелі, жетім ұл-қыздары қалды: Жамбыл облысы тұрғынын атып өлтірді деген күдікті ұсталды

Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

Әлеуметтік желіде Жамбыл облысының тұрғыны “қылмыстық топ мүшелері ағамды атып кетті” деп жазба қалдырып, әділ тергеуді талап етіп көмек сұрады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Ағамды атып өлтірді»

«Менің ағам Дүкенбай Ахметті түнгі сағат үштер шамасында Тұрар Рысқұлов ауданы Луговое ауылы Пушкин көшесінде осы ауданның қылмыстық топ мүшелері суық қарумен атып өлтірді. Құрметті ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, сізден көмек сұраймыз. Осы уакытқа дейін заң кызметкерлері мән-жайды түсіндірмей отыр. Қылмыскерлер жауапкершіліктен кұтылып кетпесінші. Атқан азаматтардың есімдері барлығымызға белгілі. Артында жесір әйелі, жетім ұл-қыздары қалды», – деп жазды әлеуметтік желіде ayaulymrff атты қолданушы.

Полиция: кісі өлтіру ісі бойынша күдікті қамауға алынды

Осы мәселеге қатысты Жамбыл облысының полиция департаменті Tizgin.kz редакциясының сауалына жауап берді.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің «кісі өлтіру» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазір қылмысты жан-жақты, толық тергеп-тексеруге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүдделеріне байланысты өзге мәліметтер жариялауға жатпайды», – делінген жауапта.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button