
Оқиға 15 наурызда болған, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Қарауылдың үшінші бекетінде ведомстволық күзеттің атқышы болып жұмыс істейтін азаматтық қызметкер карабиннен абайсызда оқ атып, қарауыл бастығына тигізген. Зардап шеккен адам ауыр жағдайда әскери госпитальға жеткізілген. Ол бірақ аман қалмады. Оқиғаға қатысқан екі адам да әскери қызметші емес.
ІІМ әскерилендірілген күзет қызметінің азаматтық қызметкерінің қаза табуына байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлайды.
“Оқиғаның мән-жайы барлық қажетті тергеу әрекеттері мен процессуалдық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін анықталатын болады, – делінген ІІМ әскери-тергеу департаментінің хабарламасында.