Геосаясат

Илон Маск Украинаның «Бостандық» орденін алды

Украина президенті Владимир Зеленский америкалық кәсіпкер Илон Маскті елдің жоғары мемлекеттік наградаларының бірі – «Бостандық» орденімен марапаттады. Тиісті жарлық туралы Украина президенті әкімшілігі хабарлады.

Ресми құжатқа сәйкес, Маск Украина мен АҚШ халықтары арасындағы қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесі, сондай-ақ адамдардың өмірі мен еркіндігін сақтауда көрсеткен ерлігі үшін марапатталған.

Илон Маск «Украина мен АҚШ халқының арасындағы қарым-қатынасты дамытуға, адамдар өмірі мен еркіндігін сақтаудағы ерлігі үшін» марапатталды, – делінген президент жарлығында.

«Бостандық» ордені кімдерге беріледі

«Бостандық» ордені Украинада 2008 жылы бекітілген және елдің жоғары мемлекеттік наградаларының қатарына жатады.

Ол мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтуға, демократияны дамытуға, реформаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға ерекше үлес қосқан адамдарға беріледі.

Орденмен тек Украина азаматтары ғана емес, шетел азаматтары да марапаттала алады.

Back to top button