$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
ЖаңалықтарОқиға

ХҚКО қызметкері қызметтік көлікпен адам өліміне әкелген жол апатына ұшырады

Оқиғадан кейін мемлекеттік корпорацияда қызметтік тексеру жүргізілді.

Әлеуметтік желілерде 11 тамыз күні жұмыс уақытынан тыс кезде ХҚКО қызметкері қызметтік автокөлікпен әйел адамды қағып кеткені туралы жазба жарияланды. Зардап шеккен әйел кейін ауруханада көз жұмған. Сонымен қатар, жазбада филиал директоры бұл оқиғаны жасырды деген мәлімет айтылған, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Азаматтарға арналған үкіметтің» жауабы

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы облысында филиал қызметкерінің қызметтік көлікпен жол-көлік оқиғасына қатысқанын растады.

Қызметтік тексеру жүргізілді

Оқиғадан кейін мемлекеттік корпорацияда қызметтік тексеру жүргізілді. Нәтижесінде филиал директоры мен оның орынбасарына тиісті бақылауды қамтамасыз етпегені үшін тәртіптік жаза қолданылды.

Жүргізушінің жауапкершілігін сот анықтайды

Жол апатына қатысқан жүргізушінің жауапкершілігіне қатысты шешімді қылмыстық іс аясында сот қабылдайды.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button