Спорт

Харри Кейн көш бастап тұр – «Алтын допқа» үміткерлер тізімі шықты

The Athletic басылымы биыл «Алтын доп» (Ballon d’Or) алуы мүмкін деген үміткерлер рейтиңін жариялады. Арасында жас таланттар да бар, деп хабарлайды Tizgin.kz kz.kursiv.media-ға сілтеме жасап.

КІМ КӨШ БАСЫНДА

Рейтиңнің бірінші сатысына «Бавария» мен Англия құрамасының капитаны Харри Кейн жайғасты. Мамандар оның биылғы маусымдағы тұрақтылығы мен гол соғу көрсеткішін жоғары бағалап отыр.

ҮЗДІК ҮШТІК:

  • Харри Кейн («Бавария»);
  • Килиан Мбаппе («Реал Мадрид»);
  • Ламин Ямаль («Барселона»).

18 жасар Ламин Ямальдың үшінші орынға көтерілуі – футбол тарихындағы сирек кездесетін құбылыс.

МЕССИ ҚАЙДА

Сегіз дүркін «Алтын доп» иегері Лионель Месси бұл жолы үздік он үміткердің қатарынан көрінбеді. «Интер Майами» сапында өнер көрсетіп жүрген аргентиналық жұлдыз жыл басынан бері рейтингтерде жиі бой көрсеткенімен, бұл жолы сарапшылардың таңдауына ілікпеген.

Сондай-ақ «Алтын доптың» қазіргі иегері, ПСЖ вингері Усман Дембеле де өз деңгейінен сәл төмендеп, тек 8-ші орынға тұрақтады.

Back to top button