Парламенттің VIII шақырылымы жұмысын аяқтауға жақын. Санаулы күндерден кейін Мәжілістегі 98 депутат мандатымен қоштасады Үш жылдан астам уақыт заң шығарып, Үкіметке сауал жолдап, елдегі өзекті мәселелерді көтерген халық қалаулылары ел үмітін ақтай алды ма? Осы сұрақты Tizgin.kz тілшісі депутаттардың өзіне қойды.
Депутаттардың басым бөлігі өз жұмысына оң баға берді. Бірі «ел сенімін ақтадық» десе, енді бірі бұл бағаны халық беруі керек екенін айтты. Сондай-ақ олар қазіргі Мәжіліс бұрынғыдан ашық жұмыс істегенін, маңызды реформаларды жүзеге асыруға үлес қосқанын жеткізді. Дегенмен атқарылмай қалған міндеттер де барын жасырмады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram