ЖаңалықтарТергеу

Айгүл Сайлыбаева ісі: Германия прокуроры ешкім ұсталмағанын айтты

Бұрынғы қазақстандық судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz.

АҒА ПРОКУРОРДЫҢ АЙТҚАНЫ

Ресми ақпаратпен Германияның Дармштадт қаласы прокуратурасының аға прокуроры бөлісті.

Бүгінгі күнге дейін Германия Федеративтік Республикасы аумағында да, одан тыс жерлерде де осы іске байланысты ешқандай адам ұсталған жоқ. Тергеудің құпиялылығы мен жүргізіліп жатқан іс-шаралар тиімділігін сақтау мақсатында әзірге алда атқарылатын тергеу әрекеттері туралы қосымша ақпарат бере алмаймын, – деді прокурор Kazinform жолдаған сауалға берген жауабында.

ТЕРГЕУ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Сөзінше, аталған іс бойынша тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Сондай-ақ қазір бұл іс аясында Ресей Федерациясының құзырлы органдарымен өзара іс-қимыл жүргізілмейтіні белгілі болды.

Back to top button