TOP-2Спорт

Франция 2026 жылғы Әлем чемпионатының алғашқы жартылай финалисі атанды

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының алғашқы ширек финалдық кездесуінде Франция құрамасы Марокконы 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Франция құрамасының капитаны Килиан Мбаппе матчтың 60-минутында есеп ашты. Ал алты минуттан кейін шабуылшы Усман Дембеле қарсылас қақпасын дәл көздеп, есепті 2:0-ге жеткізді.

Бірінші таймның ортасында Мбаппе пенальти орындау мүмкіндігіне ие болғанымен, оны голға айналдыра алмады. Соған қарамастан, ол осы әлем чемпионатындағы гол саны бойынша Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Мессиге жетті. Қазір екеуінің де еншісінде 8 голдан бар.

Айта кетейік, Қатарда өткен алдыңғы әлем чемпионатының жартылай финалында да Франция Марокконы дәл осындай — 2:0 есебімен жеңген болатын.

2026 жылғы әлем чемпионатының алғашқы жартылай финалында 14 шілде күні Франция Испания мен Бельгия құрамалары арасындағы жұптың жеңімпазымен кездеседі.

Back to top button