Жаңалықтар

FlyArystan Ақтау – Дубай рейстерін тоқтатты

Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға және өңірде енгізілген шектеулерге байланысты FlyArystan әуе компаниясы Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша рейстер кестесіне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Tizgin.kz kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

ӘУЕБИЛЕТ ҚҰНЫ ҚАЙТАРЫЛАДЫ

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қалыптасқан жағдайды ескере отырып, аталған бағыттағы рейстер 2026 жылғы 31 наурызды қоса алғанда уақытша тоқтатылады. Бұған дейін рейстер аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері орындалып келген.

Күші жойылған рейстердің жолаушыларына билеттерді сатып алған орны бойынша әуебилет құны толық көлемде айыппұлсыз қайтарылады немесе сапарды кейінгі күндерге тегін қайта брондау мүмкіндігі ұсынылады.

КОМПАНИЯ ЖАҒДАЙДЫ БАҚЫЛАУДА ҰСТАП ОТЫР

Әуекомпания өңірдегі жағдайдың дамуын мұқият бақылауды жалғастыруда және авиациялық билік органдарымен әрі басқа да тиісті құрылымдармен тұрақты байланыста жұмыс жүргізіп жатыр.

Күші жойылған рейстерге қатысты барлық сұрақ бойынша жолаушылар FlyArystan әуекомпаниясының ресми арналары арқылы қолдау қызметіне хабарласа алады: байланыс орталығы (қоңыраулар және WhatsApp), сондай-ақ сайттағы және мобильді қосымшадағы онлайн-чат арқылы.

Back to top button