ЖаңалықтарСпорт

Финал соңғы матч болды: Месси ұлттық құрамамен қоштасты

Лионель Месси Аргентина құрамасындағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді

Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси ұлттық құрамадағы мансабын аяқтау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы X әлеуметтік желісінде журналист Эрнан Кастильо жазды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Месси шешімін финал алдында жариялаған

Журналист Эрнан Кастильоның мәліметінше, футболшы 2026 жылғы әлем чемпионатының финалы алдында киім ауыстыратын бөлмеде командаластарына әсерлі сөз сөйлеп, бұл матчтың өзі үшін Аргентина құрамасы сапындағы соңғы ойын болатынын айтқан.

Аргентина финалда Испанияға есе жіберді

Еске салайық, әлем чемпионатының финалында Аргентина құрамасы Испаниядан қосымша уақытта 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

39 жастағы шабуылшы турнир барысында 8 гол соғып, үздік футболшылар тізімінде екінші орынға тұрақтады. Сонымен қатар ол 4 нәтижелі пас берді.

Ұлттық құрамадағы жарқын мансабы

Лионель Месси Аргентина құрамасы сапында 207 матч өткізіп, 125 гол соққан.

2022 жылы ол Аргентина құрамасымен бірге әлем чемпионы атанды.

Әлем чемпионатындағы жаңа рекордтар

2026 жылғы әлем чемпионаты барысында Месси бірнеше тарихи жетістікке қол жеткізді.

Ол әлем чемпионаттары тарихында 20 голдық межеден алғаш болып асқан футболшы атанды. Сондай-ақ турнирдің ең үздік пас берушісі атанып, әлем чемпионаттары тарихында ең көп матч өткізген ойыншы ретінде жаңа рекорд орнатты.

Back to top button