$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

Еуропаның ең қарт ер адамы қайтыс болды

Италия мен Еуропаның ең қарт ер адамы Витантоньо Ловалло 112 жасында өмірден өтті. Ол Италияның Сарнелли елді мекенінде қайтыс болған, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Соғыс пен тұтқынды бастан өткерген

Витантоньо Ловалло 1914 жылы 25 наурызда дүниеге келген. Биыл көктемде 112 жасқа толған қария жас кезінде мал бағып, кейін қашыр айдаушы болып жұмыс істеген. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әскер қатарына шақырылып, 1943 жылы тұтқынға түскен. Алдымен Родос аралында ұсталып, кейін Германиядағы концлагерьге жіберілген. 1945 жылы 8 мамырда кеңес әскері келгеннен кейін бостандыққа шыққан.

Авильяно қаласының мэрі Джузеппе Мекка қарияның қайтыс болуына байланысты көңіл айтып, оның отбасына және туған жеріне деген сүйіспеншілігін ерекше атап өтті.

«Оның қарапайымдылықпен, қайсарлықпен, отбасына және туған жеріне деген сүйіспеншілікпен өткен ұзақ ғұмыры бәріміздің жүрегімізде қалады», – деді мэр.

Еуропаның ең қарт ер адамы мәртебесі кімге өтті

Bild басылымының мәліметінше, Ловалло Еуропаның ең қарт ер адамы деп танылған. Ол қайтыс болғаннан кейін бұл мәртебе Португалияның 111 жастағы тұрғыны Жоаким Варелаға өтті.

Ал ерлер мен әйелдер бірге есептелетін Еуропаның ең қарт тұрғындары тізімінде Ловалло 32-орында болған. Оның алдында жасы одан үлкен 31 әйел тұрған.

Back to top button