Жаңалықтар
Журналист Ерқанат Көпжасарұлы қызметке тағайындалды
Ерқанат Көпжасарұлы «Qazaqstan» телерадиокорпорациясының Алматыдағы медиаорталығының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Ол медиаорталықтың өндірістік-техникалық мүмкіндіктерін арттыру, шығармашылық ұжымның жұмысын үйлестіру және жаңа тележобаларды жүзеге асыру бағытында қызмет атқарады.
Ерқанат Көпжасарұлы – отандық медиа салада көпжылдық тәжірибесі бар маман. Еңбек жолында отандық телеарналар мен баспасөз құралдарында ақпараттық-сараптамалық бағдарламаларды дайындауға, телерадио хабарларын таратуды ұйымдастыруға және медиажобаларды басқаруға белсене қатысқан.