$ 441.88 € 503.61 ₽ 5.24
Спорт

Еркінғали Бүркіталин қоржынға Азия ойындарының бесінші алтынын салды

Қазақстандық спортшы Еркінғали Бүркіталин Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында үздік атанды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Финалда Бахрейн мықтысын ұтты

Сүйінші ақпаратты Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі таратты. Ерлер арасында 77 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз аралас жепе-жек спортынан дәстүрлі стиль бойынша жарыс жолына шыққан болатын. Финалда Бахрейн спортшысы Мұхаммед Набиевтен 3:0 есебімен басым түсті.

Қоржында қанша медаль бар

Қазақстандық спортшы бұған дейін үш кездесуде Тайпэй спортшысы Лин Миндян, Оңтүстік Корея өкілі Юун Таэон және филиппиндік Алварес Карлосты таза ұтты.

Қазақстан құрамасы қазір 5 алтын, 1 күміс және 3 қола медальмен жалпы есепте төртінші орында келе жатыр.

Back to top button