Жаңалықтар

Ережені елемеген жүргізушілер енді 15 тәулікке қамалады

Елде жол ережесін өрескел әрі қасақана бұзатын жүргізушілерге қатысты жауапкершілік күшейтілді. Енді мұндай құқық бұзушылар тек айыппұлмен шектелмей, 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алынуы мүмкін, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Ведомство мәліметінше, агрессивті жүргізу, жылдамдықты шамадан тыс арттыру және қауіпті маневр жасап, азаматтардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін әрекеттерге бұрынғыдай тек айыппұл салу жеткіліксіз деп танылған.

«Жүйелі түрде, қасақана және өрескел бұзушылықтарға жол беретін жүргізушілерге қатысты неғұрлым қатаң тәсіл қолданылады: олардың әрекеттері 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуды көздейтін Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша (ұсақ бұзақылық) қосымша сараланады», – делінген хабарламада.

Қазірдің өзінде бұл бап бойынша бірнеше жүргізуші жауапкершілікке тартылған. Олардың барлығы бұған дейін де бірнеше рет айыппұл төлегенімен, бұл жазалар қажетті нәтиже бермеген.

Құзырлы органдар жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және қауіпсіздікті ортақ жауапкершілік ретінде қабылдауға шақырды.

 

Back to top button