$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
ЕрекшеЖаңалықтар

Ердоған шақырды: Тоқаев Түркияға барады

29 шілде күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен барады, деп хабарлайды Tizgin.kz тілшісі.

Ақорданың хабарлауынша, Анкарада екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту мәселесін талқылайды. Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғарғы деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бесінші отырысын өткізеді.

Соңғы Қасым‑Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайып Ердоғанмен 2024 жылдың 12 қарашасында Бакуде өткен Достық және ынтымақтастық туралы келісімнің 30 жылдығындағы жиында кездескен.

Сонымен қатар, 2025 жылғы 30 наурызда мемлекет басшылары телефон арқылы сөйлесіп, бір-бірін Ораза айт мерекесімен құттықтаған. Әңгіме барысында стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту, сауда‑экономикалық әрі мәдени саладағы ынтымақтастықты қолдау мәселелері талқыланған.

АЯН ӨРІБАЙ

Аян Өрібай – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының бас редакторы, Tizgin ЖШС директоры. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын ШҚО Ақпараттық орталығында маман болып бастап, Өскемендегі облыстық «Менің Өлкем» жекеменшік газетінде тілші қызметін атқарған. Кейін Астанадағы «ҚазАқпарат» ХАА-да тілші, Ulysmedia.kz порталында арнайы тілші болып еңбек еткен. «Үркер» ұлттық сыйлығының иегері.
Back to top button