Ерболат Досаев тағы бір қызметімен қош айтысты
Қазақстанның саяси-экономикалық элитасында белгілі тұлға Ерболат Досаев тағы бір маңызды лауазымынан айырылды. Бұл жолы ол «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің директорлар кеңесі құрамынан шықты.
KASE биржасында жарияланған мәліметке сәйкес, тиісті шешім 2026 жылдың 7 сәуірінде қабылданған. Айта кетерлігі, Досаев аталған кеңес құрамына небәрі биылғы қаңтар айында ғана келген.
Бұған дейін 25 наурызда Тоқаев Ерболат Досаевты Президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатқан еді. Ол бұл қызметті шамамен алты айға жуық уақыт атқарды. Аталған қызметке Досаев 2025 жылғы 19 қыркүйекте тағайындалған еді. Оған дейін ол Алматы қаласының әкімі қызметін атқарған.
Сондай-ақ сәуірдің басында Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорындағы жұмысын тоқтатқан болатын.