TOP-2Жаңалықтар

Эпштейн ісінде аты аталған Қазақстан экс-шенеуніктері тексеріледі – бас прокурор

Бас прокурор Берік Асылов қазір Кәрім Мәсімовке қатысты тексеріс басталғанын растады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

БАС ПРОКУРОР НЕ ДЕЙДІ

Асыловтың сөзінше, қазір бұл мәселені бүкіл әлем талқылауға көшкен.

Осы бойынша фактілерді саралап жатырмыз. Аты аталған адамдардың шынымен қатысы бар ма, жоқ па деген сұрақ. Олардың тізімі шықты, тексеріс жүріп жатыр, – деді бас прокурор.

“КЕЛІМБЕТОВ ТЕ ТЕКСЕРІЛЕДІ”

БАҚ өкілдері одан нақты тексерілгендердің есімдерін атауды сұрады.

Тағы бір айтамын, бұған қатысты жұмыс жалғасып жатыр. Кім бар, кім жоқ екені жазылып тұр ғой. Кәрім Мәсімовке қатысты алдын ала тексерісті бастадық. Келімбетовтің де елден шыққан-шықпағаны тексеріледі, – деп жауап берді Асылов.

Back to top button