Оқиға

Елордалық әуежай жолаушыларға маңызды хабарлама жасады

Бүгін Астана әуежайы аумағында қауіпсіздік жүйелеріне жоспарлы техникалық тексеру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Kazinform Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ХАБАРЛАМАДА НЕ ДЕЛІНГЕН

Хабарламада тексеру барысында дабыл жүйесі қысқа уақытқа іске қосылуы мүмкін екені жазылған.

Бұл шара жолаушылар мен әуежай жұмыскерлеріне қауіп төндірмейді. Тексеру басталар алдында жолаушылар мен қызметкерлерге дыбыстық хабарландыру арқылы алдын ала ақпарат беріледі. Барлық жұмыс жоспарға сәйкес, штаттық режимде және жауапты қызметтердің бақылауымен жүзеге асырылады, – делінген хабарламада.

МӘН-ЖАЙЫ

Осыған дейін Астана халықаралық әуежайы Таяу Шығыс елдеріне және сол елдер арқылы өтетін кейбір халықаралық рейстердің кестесінде өзгерістер болуы мүмкін екенін ескертті.

Бұдан бөлек, «Туристік Қамқор» корпоративтік қоры Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты қазақстандық туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде түсінік берді.

Back to top button