$ 441.88 € 503.61 ₽ 5.24
ГеосаясатЖаңалықтар

Дональд Трамп пен Си Цзиньпин Ақ үйде кездесті

АҚШ Президенті Дональд Трамп Мэриленд штатындағы “Эндрюс” әскери базасында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті, деп хабарлайды Tizgin.kz DW агенттігіне сілтеме жасап.

Трамп Си Цзиньпинді қалай қарсы алды

Қытай көшбасшысы АҚШ-қа үш күндік сапармен барды. Reuters агенттігі бұл – оның соңғы үш жылға жуық уақыттағы осы елге жасаған алғашқы сапары деп жазды.

АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессент екі жақтың 11 айдан бері күшінде тұрған сауда бітімін ұзартуға уағдаласқанын мәлімдеді. Fox News эфирінде Бессент келісімнің жаңа мерзімі 10 қаңтарға шейін созылатынын нақтылады. Мұның алдында бітім 10 қарашада аяқталады деп жоспарланған. Алайда Қытай елшілігі таратқан Си Цзиньпиннің жазбаша мәлімдемесінде аталған сауда келісімі туралы айтылмаған.

C-SPAN телеарнасы ақпаратынша, Трамп шетелдік әріптесін “Эндрюс” базасында соңғы рет осыдан 11 жыл бұрын 2015 жылы қарсы алды. Яғни, ол кезде Барак Обама Рим папасы Францискпен жүздесіпті. Сөйтіп, Си Цзиньпин сапары соңғы он жылдан астам уақыт ішінде америкалық президенттің шетелдік көшбасшыны әскери базада осылай қарсы алуының алғашқы жағдайы болып отыр.

Президенттер нендей мәлімдеме жасады

BBC тараптар Ақ үйде өткен кездесуде мәлімдеме жасағанын жазды.

“Төраға Си мен арамызда достық қалыптасты. Шын мәнінде, біздің халықтарымыздың өзара құрметі мен өмірлік маңызды мүдделеріне негізделген өте керемет достық қалыптасты”, – деді Трамп.

Ал Си Цзиньпин Қытай мен АҚШ ынтымақтастықтан пайда көреді, ал текетірестен екі ел де ұтылады дегенді алға тартты.

“Бәсекелестік туралы сөйлесуден қашудың қажеті жоқ, бірақ біздің бәсекелестігіміз салауатты әрі белгілі бір шектен шықпауы тиіс. Бұл біреудің ұтып немесе ұтылатын күресі емес, қос тарап та бір-біріне жетуге ұмтылатын бәсеке болуы қажет”, – деді Қытай көшбасшысы.

Back to top button