Жаңалықтар

Долларда Трамптың қолтаңбасы пайда болады

АҚШ Қаржы министрлігі жаңа қағаз ақша банкноттарында президенттің қолы пайда болатынын жариялады. Бұл туралы АҚШ Қаржы министрлігі мәлімдеді.

АҚШ-тың 250 жылдығына орай болашақта шығарылатын қағаз ақша банкноттарында қазіргі президент Дональд Трамптың қолтаңбасы Қаржы министрінің қолымен бірге орналастырылады. Бұл – тарихи оқиға болмақ, себебі АҚШ ақшасында алғаш рет президенттің қолтаңбасы пайда болады.

Қаржы министрі Скотт Бессенттың айтуынша, Трамптың басшылығымен ел бұрын-соңды болмаған экономикалық өсім мен қаржылық тұрақтылыққа бет алып келеді.

«Ұлы еліміздің жетістіктерін атап өтудің ең әсерлі жолы – президенттің аты жазылған доллар банкноттары», – деді ол.

Қазынашылық өкілі Брэндон Бич жаңа ақша АҚШ халқының гүлденуі мен күш-қуатының символына айналатынын атап өтті. Оның айтуынша, Трамп елдің экономикалық жаңғыруына елеулі үлес қосып, «Американың алтын ғасырының экономикалық жаңғыруының сәулетшісі» атанған.

Back to top button