$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

Доллар бір күнде 6 теңгеге қымбаттады

Қазақстан қор биржасында (KASE) теңге негізгі валюталарға қатысты әлсіреді. Доллардың орташа сараланған бағамы бір күнде 6,1 теңгеге көтеріліп, 448,36 теңгеге жетті, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Доллар 448 теңгеден асты

KASE-дегі сауда қорытындысы бойынша еуро бағамы 4,11 теңгеге өсіп, 504,73 теңгені құрады. Ресей рублі 0,06 теңгеге нығайып, 5,38 теңгеге жетті.

Қытай юані де 0,89 теңгеге қымбаттап, 66,82 теңгеден саудаланды.

Доллар/теңге жұбы бойынша сауда-саттық көлемі 457,3 млн долларды құрады.

Айырбастау пунктеріндегі бағам

Биржадағы өзгеріс айырбастау пункттеріндегі бағамға да әсер етті.

Алматыда долларды 449–450 теңгеден сатып алып, 451–452 теңгеден сатып жатыр. Еуроны сатып алу бағамы 504–505 теңге болса, сату бағасы 507–508 теңгеге жеткен. Рубльді 5,09–5,15 теңгеден сатып алып, 5,17–5,23 теңгеден сатуда.

Астанада долларды сатып алу бағамы 445 теңге, ал сату бағамы 452 теңге шамасында. Еуроны 502 теңгеден сатып алып, 512 теңгеден сатып жатыр.

Ресей рублінің бағамы елордадағы айырбастау пункттерінде сатып алу кезінде 5,14 теңге, сату кезінде 5,34 теңге болып тұр.

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button